Бонус 100 000 ₸
Metaratings Top Awards
Конкурс по ЛЧ на 10 млн ₸ 🔥
Казахстан на ЧМ-2024
Блог Нуралема Байдуллы
Блог Аиды Сатыбалдиновой
Рунет выбирает
77
79
75
76
80

«Андраде сияқты қашып кетпесе». Әлімханұлы Мунгияға қарсы жекпе-жек туралы пікір білдірді

Читать полностью

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мексикалық Хайме Мунгияға (39-0, 31 КО) қарсы жекпе-жек жайлы пікір білдірді.

«Бұйыртса, жақсы жаңалық болғалы тұр. WBO тұжырымы бүгін мексикалық даңқты боксшы Хейми Мангуия мен Жәнібектің жекпе-жек өткізуі туралы шешім шығарды. Жұдырықтасу WBO-ның чемпиондық (уақытша) титулы үшін болады.

WBO президенті екі боксшының промоутеріне 10 күн ішінде жекпе-жекке келісу туралы хат жолдады. Бұйыртса, 10 күнде біраз нәрсе белгілі болады.

Екі тарап келісімге келсе, мексикалық та Андраде сияқты басқа салмаққа кетіп қалмаса бұл біз үшін супер жекпе-жек болады. Себебі Хейми атағы жағынан мексикадағы «Канелодан» кейінгі орында. Бокс әлеміне танымал. Жеңілмеген жұлдыз! Рекорды – 39-0. Оның 31-ін нокаутпен ұтқан!

Біз дайынбыз. Біз бұйыртса биыл жарқыраймыз. QAZAQ STYLE-ды әлемге әйгілейміз!», – деп жазды Әлімханұлының командасы инстаграм парақшасында.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+