Бонус 100 000 ₸
Конкурс по ЛЧ на 10 млн ₸ 🔥
Блог Нуралема Байдуллы
Блог Аиды Сатыбалдиновой
Рунет выбирает
77
79
75
76
80

«Ақсу» сапында «Қайраттың» бұрынғы футболшысы қаралымда жүр

Читать полностью

«Қайрат» пен «Қайсардың» 30 жастағы экс-шабуылшысы Владислав Нехтий мансабын павлодарлық «Ақсуда» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Footboom басылымы.

«Владислав Нехтийдің жаңа командасы «Колостың» бұрынғы бапкері Руслан Костышин баптайтын қазақстандық «Ақсу» болуы ықтимал.

Жартылай қорғаушы команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылды, тіпті «Ақсудың» сербиялық «Колубара» клубына қарсы өткен жолдастық кездесуіне де қатысып үлгерді», - деп жазады дереккөз.

30 жастағы футболшы соңғы кездері «Металлист» клубында доп тепті, бірақ 2020 жылдың жазынан бері бар болғаны 6 матч өткізді.

Владислав Нехтий Алматыда дүниеге келген, бірақ жастайынан Украинаға кетіп, футболдағы алғашқы қадамын сол жақта бастаған.

Нехтий 2013-2014 жылдар аралығында алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, клуб жейдесінде 16 матч өткізді. 2014 жылдың жазында «Қайсарға» ауысып, 2015 жылдың жазына дейін қызылордалық клубтың намысын қорғады (18 матч, 6 гол).

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Теги:
Рейтинг: 5
Реклама 21+