Бонус 100 000 ₸
Metaratings Top Awards
Конкурс по ЛЧ на 10 млн ₸ 🔥
Казахстан на ЧМ-2024
Блог Нуралема Байдуллы
Александр Усик – Тайсон Фьюри. Где смотреть бой за звание абсолютного чемпиона мира?
Блог Аиды Сатыбалдиновой
Рунет выбирает
77
79
75
76
80

«Қайсар» үш қазақстандық футболшымен толықты

Читать полностью

Қызылордалық «Қайсар» 19 жастағы қорғаушы Константин Горизанов, 18 жастағы жартылай қорғаушы Ислам Әбілқасов және 23 жастағы шабуылшы Нұрбол Әнуарбековпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Константин Горизанов «Қайсар» сапында 52-нөмірмен өнер көрсетеді. Өткен маусымда ол «Шахтер-Болаттың» негізгі қорғаушысы болды. Бірінші лигада 20 матч өткізіп, 3 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.

Ислам Әбілқасов - Қызылорда футболының түлегі. Бұған дейін «Қайсар» және «Байқоңыр» жастар командаларында өнер көрсеткен. Ол командада 10-шы нөмірмен ойнайтын болады.

Нұрбол Әнуарбеков - Павлодарлық футболының түлегі. Ол өзінің мансабын «Екібастұзда» бастап, 2016-2021 жылдар аралығында осы клубта өнер көрсетті. 2019 жылдың басында «Ертіске» жалдау шарты бойынша ауысып, павлодарлық клубтың жастар құрамасында доп тепті (14 матч).

Өткен жылдың сәуір айында «Ақсумен» келісім-шартқа отырып, бүгінгі күнге дейін өнер көрсетті. «Ақсу» жейдесінде Әнуарбеков 24 кездесу өткізіп, 5 гол мен 8 нәтижелі пастың авторы атанды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+