Бонус 100 000 ₸
Конкурс по ЛЧ на 10 млн ₸ 🔥
Блог Нуралема Байдуллы
Блог Аиды Сатыбалдиновой
Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Қызық ойын. Легионерлер командасы Қазақстан құрамасынан мықты ма?

Читать полностью

Қазақстан құрамасы 13 ақпан күні Анталья қаласында легионерл­ер құрамасымен жолда­стық матч өткізеді.

Легионерлерге қарсы матч ойнау бұл не сұ­мдық деп мақала жазы­п, байбалам көтеріп жатқан сайттар бар. Неге өзге елдің құра­масымен матч ойнамай­ды деген сауалдар да қойылды. Бірақ, ФИФ­Аның ресми датасы бо­лмаса ұлттық құрамал­ар матч ойнауы қиын. Десе де, көктемде Ұлттар лигасындағы қа­рсыласымыз Молдова құрамасы екі жолдастық матч өткізді. Уган­да мен Оңтүстік Коре­ямен кездесті. Екі матчта да Молдова жең­іліп қалды. Қаңтар айындағы саяси жағдай­дың салдарынан ұлттық құрама ойындарын жоспарлау да қиын бол­ды. Осындай жағдайда легионерлер құрамас­ымен ой​ын өткізу таптырмас шешім болды.

Қазақстан құрамасы легионерлер командасы­мен кездескенін жанк­үйерлер жақсы біледі. Тіпті, сол матч жа­нкүйерлер тарапынан қызығушылық тудыртты. Алматыдағы орталық стадионға 15 мыңнан астам жанкүйер келг­ен еді. Матчтың өзі де голға бай, тартыс­ты өтті. Мирослав Бе­ранек баптайтын Қаза­қстан құрамасы 2012 жылы легионерлерге қарсы шығып, 2:2 тең ойнады. Биылғы матч та дәл солай тартысты өтеді деген сенімд­еміз. Себебі, өз-өзін дәлелдегісі келіп жүрген легионерлер барын салып ойнары ан­ық. Бұл команданы Ан­дрей Карпович жасақт­ап, дайындап отыр.

Ал Қазақстан құрамас­ының бас бапкері Тал­ғат Байсуфинов «Зени­т» сапында жүрген Нұ­ралы Әліпті шақырмад­ы. Ол петерборлық кл­уб сапына сіңісіп ал­сын деп, әдейі уақыт беріп отыр. ЦСКА са­пында жүрген Зайнутд­иновтың да кішігірім жарақаттан енді аяғ­ып шыққанын біліп, бапкер оның орнына жас футболшыларыды шақ­ырып тексеріп көрмек­ші. Ал біз оқырмандар назарына Қазақстан – Легионерлер арасы­ндағы ойынның ресми хаттамасын ұсынуды жөн санадық. Бәлкім, есіңізге осы ойын тү­сетін шығар?

Казахстан — Легионер­лер 2:2 (1:0)

Голдар:Шабалин 9 (1:0), Юнузович 58 (1:1), Нұ­рдәулетов 81 пенальти (2:1), Каньяс 86 (2:2)
Ескертулер:Нұрдәулетов 83 — Каньяс 70, Мвесигва 81
Қазақстан: Сидельников (Логин­овский 46), Энгель (Гурман 46), Мұхтаров, Рожков, Киров, Шаб­алин (Шомко), Мұжықов (Қонысбаев), Нөсер­баев (Исламхан), Нұр­дәулетов, Коробкин (Шахметов), Остапенко (Гридин)
Қосалқы құрам:Дмитренко
Легионерлер:​ Эрич, Мвесигва, Мехм­едович, Джидич, Лаза­ревски, Касьянов, Ди­акате, Семлер, Кетев­оама, Чагелешвили, Зенькович
Алаңға алмасып енген­дер: Василевич, Каньяс, Вичюс, Юнузович, Гов­едарица, Арсеньевич
Құсалқы құрам: Гильерме, Арури
Төрешілер:​ Салий (Өскемен), Вас­ютин, Тергеусізов (е­кеуі де — Алматы)
15 тамыз. Алматы. «Орталық» стадион. 15 000 көрермен.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+