Бонус 100 000 ₸
Конкурс по ЛЧ на 10 млн ₸ 🔥
Блог Нуралема Байдуллы
Блог Аиды Сатыбалдиновой
Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Барсегян «Астанада» қалуға шешім қабылдады – Тихонов

16.07.2021
20:12
Читать полностью

«Астана» клубының армениялық футболшысы Тигран Барсегян маусым соңына дейін ешқайда кетпейді. Бұл туралы Meta-ratings.kz тілшісіне команданың бас бапкері Андрей Тихонов айтты.

«Астана» клубының армениялық футболшысы Тигран Барсегян маусым соңына дейін ешқайда кетпейді. Бұл туралы Meta-ratings.kz тілшісіне команданың бас бапкері Андрей Тихонов айтты.

– Барсегян ешқайда кетпейді. Онсызда команданы жинақтай алмай жатырмыз. Тигран «Астанада» қаламын деп айтты. Алдағы уақытта Конференция лигасы, Қазақстан чемпионаты және Кубокта оның көмегі керек.

– Жалпы, Тигранға «Слован» тарапынан ресми түрде ұсыныс болды ма?

– Клубқа ресми түрде ұсыныс түсті. Бірақ бас тарттық. Өйткені жоғары да айтқанымдай футболшының өзі қалатын болып шешті.

«Астана» клубының армениялық футболшысы Тигран Барсегян маусым соңына дейін ешқайда кетпейді. Бұл туралы Meta-ratings.kz тілшісіне команданың бас бапкері Андрей Тихонов айтты.

– Бүгінгі матчта екінші таймда команадаға жаңадан қосылған ойыншылар алаңға шықты. Олар туралы не айтасыз?

– Бечирай күні бойы медициналық тексерістен өтті. Бар уақыты сонымен кетті. Сондықтан 10 минуттан астам ойнауға мүмкіндік берді. Ал Эуженио екінші тайм толық ойнап шықты. Оларға әлі де уақыт керек. Жоғары деңгейлі футболшылар. Алдағы уақытта көмектері тиеді деп үміттенеміз.

Айта кетейік, Meta-ratings.kz кеше армениялық футболшының Владимир Вайсс жаттықтыратын Словакияның «Слован» командасына ауысатынын хабарлаған. Кейіннен Twitter-тегі Armenie Football Барсегянның «Слован» клубында медициналық тексерістен өтіп жатқанын жазған. Бірақ футболшы Нұр-Сұлтанда. Бүгін Қазақстан кубогының екінші турында «Ақтөбемен» кездесуде негізгі құрамда шығып, жеңіс голын соқты. Матч 3:2 есебімен «Астананың» пайдасына шешілді.

Тигран Барсегян биыл Қазақстан чемпионатында 18 ойынға қатысып, 5 гол соққан. Алты нәтижелі пасы бар. Transfermarkt.de футболшыны 2,5 миллион еуроға бағалап отыр.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+