Тимофей Скатов Australian Open турнирінде іріктеу кезеңінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Australian Open-2022 іріктеу кезеңін сәтті бастады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz тілшісі.

Қазақстанның төртінші ракеткасы Тимофей Скатов Аустралия чемпионатында жекелей сында екі раундты бағындырды. Бастапқыда Скатов осы жарыстардың фавориті саналған француз Уго Греньеден басым түсті - 6:3, 6:2.

Содан кейін іріктеу кезеңінің финалына шығу үшін Тимофей корт иесі Дэйн Суиниді 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 41 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Скатов бірде-бір эйс жасай алмады. Есесіне, 13 брейктің үшеуін өз еншісіне жазды.

Енді қазақстандық теннисші Аустралия чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алу үшін Хуан Пабло Варилльяс (Перу) пен Гастао Элиас (Португалия) кездесуінің жеңімпазымен шеберлік байқасатын болады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
;