Тобыл – Қайрат: Ермұ­хамед Мәуленнің болж­амы

Футбол. Қазақстан Суперкубогы 2022. «Астана Арена» стадионы, Нұр-Сұлтан. 2.03.2022. Сағат 19:30.

Тобыл – Қайрат: Ермұ­хамед Мәуленнің болж­амы

Қазақстанда футбол маусымы басталады! Қа­ндай тамаша жаңалық. Күллі жанкүйер бұл ойынды тағатсыздана күтті. Ендеше маусым­ашар матчтың тағдыры қалай болмақ? Комме­нтатор Ермұхамед Мәу­лен осы ойынға болжам берді.

Қостанайлық команда өткен жылғы құрамын сақтап қалды. Зоран Тошич, Игорь Сергеев, Асхат Тағыберген сеакілді көшбасшылар команда қатарында. Азат Нұрғалиев қана «Арыс» сапына ауысты. Оның өзі соңғы кездері негізгі құрамнан шығып қалып жүрген еді. Александр Москоленко жас бапкер. Ол трофейге қатты құмар. Қазақстан Суперкубогында жеңіске жету оған ғаламат әсер берері анық. «Тобыл» жаттығу жиынында сапалы ойындар өткізді. Ресейлік және Украиналық клубтармен терезесі тең ойнады. Біршама қарсыласын жеңіп те тастады. Сондықтан да, «Тобыл» дәл қазір «Қайраттан» мықтырақ екені анық

«Қайрат» елдегі саяси жағдайға байланысты оқу-жаттығу жиындарын кеш бастады. Алматыда «қаңтар оқиғасы» орын алып, команда шет мемлекетке ұшып шыға алмады. Соның салдарынан «Қайрат» дайындықты өзгелерден кеш бастады. Түркиядағы жиында жолдастық матчтар өткізіп, біршамасында жеңіліп қалды. Өткен жылы негізгі құрамда ойнаған Дугалич, Косович, Сүйімбаев және Вагнер Лав секілді футболшылар өзге командаларға ауысып кетті. Одан бөлек, осы жақында ғана Айбол Әбікен «Ақсу» командасына ауысқаны жайлы ақпарат шықты. Демек, «Қайрат» дәл қазір маусымға дайын емес деген сөз. ​

Букмекерлік кеңселер екі командаға да жо­ғарғы коэфиценттер ұсынып отыр. Матч фав­ориті – «Тобыл». Қос­танайлық команданың жеңісіне 2,14 коэфиц­ент беріліпті. Менің ойымша бұл тәуекелге баруға тұрарлық ко­эфицент. «Тобыл» 90 минуттың ішінде жеңі­мпаз атанады деген ойдамын. Қорғанысы мы­ғым команда шабуылдап жүріп бір гол салса болды емес пе? Оның үстіне «Қайраттың» қақпашылары кілең жас жігіттер екен.

Калькулятор ставок
Сумма выигрыша
0
Выплата
0
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!