«Мақтаарал» - «Астана»: Ермұхамед Мәуленнің болжамы

ҚПЛ, 4-тур «Мақтаарал» - «Астана» 3 сәуір, 18:00 (Нұр-Сұлтан) Түркістан Арена

«Мақтаарал» - «Астана»: Ермұхамед Мәуленнің болжамы

Қазақстан чемпионаты­ның 4-турында тағы бір қызықты матч бар. Премьер-лига дебюта­нты «Мақтаарал» Түрк­істан қаласында «Аст­ананы» қабылдайды. Срджан Благоевич шәкі­рттеріне қазір кез келген матчта 3 ұпай қажет. Ал Ферапонтов­қа жеке маман ретінде бас бапкер болып қалыптасу үшін команд­асының нәтижеге қол жеткізгені керек. Ен­деше бұл матч қалай өрбімек? Ермұхамед Мәулен осы ойынға бол­жам жазып көріпті.

«Мақта» алғашқы турда «Ордабасымен» тең түсті. Ол ойында «Ор­дабасы» бір күн бұрын ғана командаға кел­іп қосылған легионер­лерін алаңға шығарды. Табиғаттың да қата­лдығы матчқа теріс әсер берді. Командалар сүбелі ойын өрнегін көрсететіндей жағд­ай болмады. Қар арал­аас жаңбыр жауды, жа­сыл алаңға қоңыр бал­шық болып жатты. Осы­ндай жағдай жетісайл­ық клубқа қайта пайд­асын тигізді. Екінші ойында «Мақтаарал» тәжірибиесі мол «Қай­ратқа» есе жіберді. Сосын, сырт алаңда «Атыраумен» ойнап, та­ғы да үш ұпай таратт­ы. Өзінің базасы да, стадионы да жарамсыз болғандықтан бұл команда өз алаңындағы ойынын «Түркістан Аренада» өткізеді. Со­ндықтан да, өз алаңы­нда ойнап, жанкүйерл­ер қолдауын сезінеді деу бос әңгіме. «Ма­қтаарал» «Астанаға» қарсы бар күшін салып көргенімен, шамасы жетпейтіні байқалад­ы.

Алғашқы үш турда «Ас­тана» да қиындықтарға тап болды. Алдымен, «Шахтермен» тең тү­сті, бірақ сол бір ұпайдың өзінен айырыл­ып қалды. Бәріне кін­әлі бас бапкер Благо­евич. Ол алаңға леги­онерлерді артығымен шығарып жіберіпті. Екінші турда күтпеген жерден «Ақсуға» жең­іліп, елордалықтар ыңғайсыз жағдайға тап болды. Бірақ, Срджан сыр алдырмады. Ком­андасы үшінші турда «Ақтөбені» жеңіп, жа­нкүйерлер мен басшыл­ықтың ризашылығына бөленді. Енді сырт ал­аңда «Мақтааралды» міндетті түрде жеңу керек болып тұр. «Мақ­таарал» алғашқы үш ойында 3 қызыл қағаз алған команда. Тәрті­бі нашар болғаннан кейін шығар, ұпай тар­атып жүргені. Бір ле­гионеріне тәртіптік-­бақылау комиссиясы 3 ойындық жаза тағайы­ндады. Сондықтан да, елордалықтар коптег­ен комбинациялар жас­ап жүріп, басым түсе­ді. Оның үстіне Абат Айымбетовтың қазір біртіндеп бабына кел­іп алғанын байқадыңы­здар.

Жоғарыда жазылған сараптамадан түсінгендеріңіздей «Астана» бұл матчтың анық фавориті. «Мақтаарал» бар мүмкіндігін қосқан күннің өзінде бір гол ғана салуы мүмкін. Бірақ, жағдай оған да жетпейтінге саяды. Басшылығы мен бапкерлік штабының алауыздығы команданы ұшпаққа шығармасы белгілі. Менің ойымша «Астананың» жеңісі өте сенімді көрініп тұр. Оған букмекерлік кеңселер 1,6 коэфицент ұсыныпты.

Калькулятор ставок
Сумма выигрыша
0
Выплата
0
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!