Бетис - Зенит: Ермұхамед Мәуленнің болжамы

Еуропа лигасы, өтпелі кезең "Бетис" - "Зенит" 25 ақпан, 02:00 (Нұр-Сұлтан)

Еуропа лигасы: «Бетис» – «Зенит» матчына болжам

«Зенит» командасы бі­рінші ойынды жеңіліп қалды. Нұралы Әліп алаңға осы жолы шыға ала ма? «ҚазСпорт» арнасы көрсететін бұл ойын несімен қызы­қ? Матч қалай өтетін­ін Ермұхамед Мәулен болжап көрген еді.

«Бетис» бірінші матчта 3 гол салды. Бұл дегеніміз испаниялық ұжымның деңгейі жоғары деген сөз. Әрине, «Зенитпен» салыстырғанда тәп-тәуір. Жалпы, «Бетис» биыл ішкі біріншілікте де жарап тұр. Қазір олар 3 орында келеді. Соңғы турда «Бетис» «Мальорканы» 2:1 жеңді. Соңғы ойындарда «Бетис» голды жақсы салып жүр. Осы жолы да сол қарқынынан таймайтын секілді. Себебі, «Зениттің» қорғанысы қоқыс жәшігінің қақпағы секілді, сәл бассаң өзінен-өзі ашылып кетеді

Қазақ жанкүйерлері «Зенит» үшін жанкүйер бола бастады. Оның себебі түсінікті. Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Санкт-Петерборлық команда қатарына қосылды. Нұралы осы ойынға шыға ма деп пікір жазып жүрген әлеуметтік желі қолданушыларының қарасы көп. Алайда, біздің айтар ждауабымыз олардың көңіліне жаға қоймас. Н.Әліп Еуропа лигасы ойындарына қатысатын футболшылар тізіміне енбей қалды. Трансферінің өзі кешеуілдеп барып тіркелді. Нұралы тек Ресей премьер-лигасының ойындарына ғана шыға алады. Айтпақшы, сол Ресей чемпионатының ойындары басталмай жатқан соң «Зенит» ойын ырғағына ене алмай жатыр. Қанша дегенімен ресми матчтардың жөні бөлек. «Бетистен» жеңілген соң Сергей Семак осылай айтып ақталса да болады. «Зенит» 28 ақпан күні «Рубинмен» кездеседі. Міне, осы матчта Нұралы алаңға шығап қалуы ғажап емес.

«ҚазСпорт» арнасы кө­рсеткен соң бұл матч­та қазақ жанкүйерлер­інің қызығушылығы ар­татыны түсінікті. Он­ың үстіне бұл матчты белгілі комментатор Ербол Қайыров жүргі­зеді. Нағыз шоу бола­ры анық. Сондықтан да, мен бұл ойында «Б­етис» командасы кем дегенде 2 гол салады деп отырмын. Букмек­ерлік кеңселер «Бети­с» тоталы 1,5 көп де­генге 1,90 коэфицент ұсынып отыр. Менің ойымша тәуекелге бар­уға тұрарлық бәс сек­ілді.

Калькулятор ставок
Сумма выигрыша
0
Выплата
0
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!