ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Тараз» - «Тобыл»: Ермұхамед Мәуленнің болжамы

Қазақстан кубогі, топтық кезең, 1-тур, «Тараз» - «Тобыл», 9 шілде, 21:00 (Нұр-Сұлтан), Орталық стадион (Тараз)

Қазақстан кубогі аясында өтетін «Тараз» - «Тобыл» матчына болжам

Қазақстан кубогының негізгі бөлігі басталды. Топтық кезеңнің әр ойыны тартысқа толы өтеді. Бұл екінші құрамда жүрген жас ойыншылардың да жарқ етіп көзге түсетін тұсы. Ендеше, осы ойынға Ермұхамед Мәулен болжам беріп көрген еді.

«Тараз» өз алаңында қатты ойнайды. Өйткені анандай жасыл алаңда олардан басқалар түзу доп тебе алмайды. Өзінің сондай ерекшелігі бар. Жергілікті футболшылар бұл алаңға әбден үйреніп алған. Команда қатарынан Әлішер Сүлей кетіп қалды. Ол енді «Каспий» футболшысы. «Тараз» сапынан бразилиялық шабуылшысы Джуниор Элиас та кетіп қалды. Олардың орнына жамбылдық команда ешкімді алмады. Себебі, клубтың қаржылық жағдайы өте қиын жағдайда.

«Тобыл» Чемпиондар лигасындағы ойынын бастады. Қанша тырмысса да «Ференцварошқа» гол сала алмады. Енді олар чартерлік ұшаққа мініп, Венгрия астанасы Будапештке сапар шегеді. Сондықтан да, негізгі құрам футболшылары бұл ойында алаңға шықпайды. Екінші құрамда жүрген жастар шығып, «Таразға» қарсы матчта жеңіліс табуы ықтимал. Милан Милановичтің көзқарасы осыған саяды.

Жасыл алаң мен табиғи жағдайларды ескерсек, Тараз қаласындағы матчта көп гол салынбауы ықтимал. Жамбылда қазір күн жанып тұр. Аптап ыстық. Демек, екі команда жабылып жүріп 3 гол сала алмайды деген сөз. Менің ойымша, матч тоталы 2,5-тен кем.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!