ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Тараз» – «Атырау»: Ермұхамед Мәуленнің болжамы

Футбол. ҚПЛ. 3-тур.
Тараз – Атырау.
Стадион: «Орталық». Тараз.
03.04.2022. 17:00 (Нур-Султан).

3 сәуірдегі «Тараз» – «Атырау» матчына Ермұхамед Мәуленнің болжамы

Қазақстанда футбол маусымы қайта жалғасады. Ұлттық құрама ойындарынан соң лига маичтары өте қызықты өтері анық. Ендеше 4-тур матчтары ішінде «Тараз» бен «Атырау» матчының тағдыры қалай болмақ? Комме­нтатор Ермұхамед Мәу­лен осы ойынға болжам берді.

«Тараз» чемпионатты жақсы бастады. Жамбылдық клуб үшін бұл әдеттегі жағдай. Өткен жылы да осындай болған. «Ордабасыны» жеңіп, сырт алаңда «Қайратпен» тең түсіп жүрген «Тараз» өз алаңында «Атырауды» жеңе алатын шамасы бар. Жастар құрамасында гол салған Абылайхан Жұмабек қазір жақсы бабына келген сыңайлы. Бауыржан Байтана да құрама бапкерлеріне өз-өзін көрсетуі тиіс. Нүркен Мәзбаев өз алаңындағы матчта міндетті түрде жеңіске жету деген мақсат қойып отыр.

«Атырау» тегеурінді ұжым. Бұл командада көптеген легионер бар. Соның арқасында команда ішінде бәсекелестік қызып тұр. Алғашқы турда қалың қар жауып «Атырау» «Ақсумен» тең ойнады. Сосын сырт алаңда «Ақтөбемен» тіресті. Алайда «Атырау» екі гол жіберіп алып, мүлде ұпайсыз қалды. 3-турда «мұнайшылар» «Мақтаарал» командасын қабылдап 2:1 есебімен жеңіп жіберді. Бұл матчта «Мақтаарал» сапынан 2 ойыншы алаңнан қуылғанын да айта кетейік. Жалпы алғанда «Атыраудың» стандарттары өте қауіпті. Батыстың ұжымы Тараз шаһарына барып тең ойнап кетуі әбден ықтимал.

Матчтың басым бөлігі голсыз өтеді деп ойлаймын. Екі команданың да қорғанысы жақсы. Бұрыштама мен айып доптары көп белгіленеді. Матч тағдырын бір ғана гол шешуі ғажап емес. Менің ойымша «Тараз» Фора (0) деген бәс өте сенімді көрінеді.

Калькулятор ставок
Сумма выигрыша
0
Выплата
0
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!