ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Астана» – «Каспий»: Ермұхамед Мәуленнің болжамы

Футбол. ҚПЛ. 7-тур.
Астана – Каспий.
Стадион: «Астана Арена», Нұр-Сұлтан.
22.04.2022. 20:00 (Нұр-Сұлтан).

22 сәуір күнгі «Астана» – «Каспий» матчына болжам

Қазақ жанкүйерлері сербиялық маман Срджан Благоевичті асыра мақтап, керемет бапкер екен деп жүрген кезде Николо Костов баптайтын «Каспий» бірінші орынға шығып кетті. Өткен айдың үздік бапкері атағын да болгариялық маман жеңді. Енді осы жолы Благоевич өз алаңында өзі жаттықтырған «Каспийді» қабылдайды.

«Астананың» ішкі жағдайы мәз емес. Себебі, кеше ғана ақпарат шықты. Исламбек Қуат пен Жереми Монзорро жаға жыртысқан. Салдарынан сербиялық маман Исламбекті жастар командасына қуып жіберген. Ал франциялық легионер жазадан құтылып кетіпті. И.Қуат жайлы енді тағы бір ақпарат шықты. Ол осы айдың соңына дейін «Қызылжар» клубына ауысып кетпекші екен. Ал Монзорро жүрген жерінде осындай бүлік шығаратын ойыншы екенін көрсетіп алды. Бұл істің арты немен тынғанын уақыт көрсетер, ал дәл қазір команданың іші екіге жарылған сыңайлы. Сондықтан да, «Астана» «Каспийді» оп-оңай жеңеді дегенге ешкім сенбейді. Тіпті, жағдай керісінше өрбісе таң қалмаңыздар. Себебі, Қуаттың команда ішіндегі абыройы зор. Оны қолдайтындар табыла жатар.

«Каспий» қазір турнирлік кестенің бірінші сатысында тұрған команда. Футболшылардың ойында бірінші орын алсақ болады екен ғой деген қиял жарқ ете қалды. Олар өз алаңында кім келсе де жеңіп жіберетін болған. Никола Костов мырза елордалық клубтың жеңу үшін бәрін жасайды. Іштен жарылып, әр тур сайын ұпай жоғалтып жүрген тұрақсыз «Астананы» жеңіп алатын сәт туындап тұр. Комбинациялық шабуылдар арқылы қимылдаса, ақтаулықтар мына матчта міндетті түрде гол салады. «Астананың» қорғанысы сенімділігімен мақатана алмас. Ойнаған матчында гол жібереді.

Букмекерлік кеңселер «Каспий» гол салады дегенге 1,96 коэфицент ұсыныпты. Масқара, не деген батпан құйрық. Қомақты қаржы тігіп, зор ұтысқа кенелуге болатын жағдай. 90 минутта не көрініпті 1 гол сала алмай. Рати секілді легионері бір ойыншыны алдаса болды, қорғанысы ашыла кетпей ме? Менің ойымша бұл нағыз сыйлық. Пайдаланып қалу ғана керек секілді көрінеді. Бәлкім сіздерге басқаша көрінер, менің ойым осы.

Калькулятор ставок
Сумма выигрыша
0
Выплата
0
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!