ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Мақтаарал» - «Тараз»: Ермұхамед Мәуленнің болжамы

Махтаарал
Махтаарал
Тенденции
Окончен
02.05.2022
0 : 1
Тараз
Тараз
Тенденции
Перейти к матчу

Премьер-лигаТур 9

Әкімдіктен бөлінген қаржыны игеріп жатқан «Мақтаарал» клубы қазір турнирлік кестенің түбінде. Олар осы турда дәурені жүріп тұрған «Таразбен» кездеседі. Кездесуде фаворит анық емес. Демек, Ермұхамед Мәулен не дейтінін тыңдап өтейік.

«Мақтаарал» қазір қарсылас таңдайтын жағдайда емес. Оған бәрібір. «Астана» ма, «Тараз» ба – бәрібір айырмашылық жоқ. Себебі, премьер-лигаға келген жаңа клуб үшін барлығы қиын қарсылас. Андрей Ферапонтов бастаған ұжымның алаңдағы ойыны енді түзеліп келе жатқаны рас. Әйтпесе, алғашқы турларда олар адам миына сыймайтын қателіктер жасады. Жасыл алаңға енді бой үйретіп жатқандай көрінеді. Өткен турда олар «Қызылжармен» тең ойнады. Соңғы минутта уақытты созып, қорғанысты ұстауды қаперіне де ілмеді. Тәжірибиесіз команда екені осы жерде көрініс тапты.

«Тараз» «Ақтөбенің» екі аяғын бір етікке тығып, жанкүйерлерін шаттыққа бөледі. Ал «Ақтөбе» содан бапкер ауыстырып тастады. Абылайхан Жұмабек пен жартылай қорғаушы Жақып Қожамберді турдың символикалық құрамына енді. Ал Бауыржан Байтана жалпы сәуір айының үздік футболшысы атағын жеңді. Байтанаға бұл сауалнамада тең келетін ешкім болмады. Бәсекесіз жеңіске жетті. Қақпада Мұхаммеджан Сейсен сенімді тұрып жүр. Елдос Ахметов пен Лука Гадрани қорғанысты тасқамалға айналдырды. Жамбылдың командасы қазір тамаша көңіл-күйде.

«Тараз» гол салады дегенге 1,36 коэфицент ұсынылыпты. Одан бөлек «Тараз» жеңілмейді дегенге де сол шамалас баға берілген. Мұның барлығы ақылға қонымды бәстер дер едім. Сонымен қатар «Тараздың» жеңісі дегенге 2,55 кэф беріліптін. Бұл тәуекелге бас байлауға болатын бәс екен.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!