ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Ақсу» - «Каспий»: Ермұхамед Мәуленнің болжамы

ФК Аксу
ФК Аксу
Тенденции
Окончен
02.05.2022
2 : 0
Каспий Актау
Каспий Актау
Тенденции
Перейти к матчу

Премьер-лигаТур 9

Турнирлік кестенің көш басында тұрған «Каспийдің» ойыны маңызды екені рас. Ақтаулық команда осы жолы ұпай жоғалтатын шығар деп қарайтындар да жоқ емес. «Ақсумен» болатынын ойыны қалай өрбиді. Ермұхамед Мәулен болжам жазады.

«Ақсу» өткен турда «Ақжайықты» Оралға барып тұрып жеңді. Команда деңгейі жалпы жаман емес. Ойыны қалыптасып, енді-енді жөнге түсіп келе жатыр. Руслан Костышиннің бар ынты-шынтысымен іске кірісіп жүргені байқалады. Егер биыл премьер-лигадағы орынын сақтап қалса, бұл маман келесі жылы жақсы команда жасақтайтын сыңайлы. Ал мына матчта «Ақсуға» тактикалық тұрғыда қиын болары анық. «Каспий» өте ыңғайсыз қарсылас. Допты көп ұстап, доминация жасайды. «Ақсудың» қорғанысы да, жартылай қорғанысы да оған арналмаған.

«Каспий» қазір нағыз бабында. Никола Костовтың бағы жанып тұр десек артық емес. Өткен турда олар «Шахтердің» саутамдығын қалдырмай жеңді. Руан Телеш дубль авторы атанып, голдың дәмін сезінді. Бірақ, барлығын жасаған Рати Ардазашвили екені анық. Грузиялық легионер дриблингінің арқасында көп мүмкіндіктер тудыртады. Ал Шафик Тугруджа ортадан үлкен көмек береді. Ең бастысы үш ұпай еншілейді ойлайтын ақтаулық кмоанда басымдылыққа ие болады. Бірақ, алаң иелері қатты қарсыластық білдіреді. Демек, бұл ойынға «Каспий» ерекше дайындалуы тиіс.

Нақты дөп басып айту қиын. Алайда, ақтаулық командаға сәл де болса басымдылық бұйырады. «Каспий» жеңілмейді деп бәс тігуге болады. Бірақ, оның коэфиценті аз болуы ықтимал. Сондықтан да «Каспий» фора (0) деген бәсті таңдауға кеңес беремін.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!