ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Қызылжар» - «Мақтаарал»: Ермұхамед Мәуленнің болжамы

Қазақстан Премьер-лигасы, 8-тур «Қызылжар» - «Мақтаарал» 27 сәуір, 16:00 (Нұр-Сұлтан)

«Қызыл-Жар» - «Мақтаарал» матчына болжам

Міне, қазақ футболының тұңғиық тереңі! Әкімшілік берген уақытша қаржыға тойып секіріп жүрген екі клуб бір-бірімен кездеседі. «Қызылжар» қиқаңға салып, «Мақтаарал» елді мақтап-мақтап, мақтамен бауыздайды. «Қызылжар» да, «Мақтаарал» да соңғы турдағы матчтарын жеңіліп қалған. Аутсайдерлердің айқасына Ермұхамед Мәулен болжам береді.

Андрей Карповичтің командасы «Ақтөбеге» қарсы ойында жақсы ойын көрсетті. Бірақ, матч соңына таман екі пенальти белгіленіп, жағдайы мүшкіл болды. Қайта Уго Видьемон екінші пенальтиді голға айналдыра алмады. Сосын, «Қызылжар» «Ордабасымен» кездесті. Сырт алаңдағы ойын петропалдың командасына қиынға соқты. 1:1 тең түсіп тұрған ойыны еді, соңына таман 2 гол жіберіп алды. Матчтан соң Андрей Карпович кейбір футболшылар мұнда не істеп жүргенін білмейді деп ашық сын айтты. Маусым басында өзі жинаған ойыншылар еді ғой, олар қалай не болып жатқанын түсінбейді деген ойға қалдық. Осы сөзден кейін бәлкім команда ішінде әңгіме жүріп, жағдай қалыпқа келер деген үміттеміз.

Е, «Мақтаралда» қайбір жай-күй болушы еді. Ойнаған ойынын жеңіледі. Осы турда да жеңілуі тиіс. Бірақ, әпкеме жездем сай демекші, бір-біріне сай командалар ойнағалы тұр. «Қызылжар» биыл Еурокубокте өнер көрсететін команда ғой. Күлкілі. Қазақ футболының онсызда еденде жатқан абыройын одан әрі жерге түсіретін болды. «Мақтааралда» бапкер мықты демесеңіз, қалғаны түгел нашар. Клубтың басшылығынан бастап, былыққа батқан адамдар. Бұл ойынды олар таза жеңіледі. «Астана Аренада» «Қызылжар» жақсы ойнайды.

Букмекерлік кеңселер «Қызылжардың» жеңісіне 1,86 коэфицент ұсынып отыр. Бұл таза сыйлық деп есептеймін. «Аренаның» төрінде «Қызылжар» қорғанысы әлсіз «Мақтааралға» топырлатып гол салады деген ойдамын.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!