Жозе Моуриньо «Романың» бас бапкері болып тағайындалды

Наурызбай Сатжанов
04/05/2021
21:28
Новость
Футбол
Жозе Моуриньо «Романың» бас бапкері болып тағайындалды

«Челси», «Реал Мадрид» және «Тоттенхэм» клубының бұрынғы жаттықтырушысы Жозе Моуриньо «Романың» бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Aladop.kz сайты. Ол жаңа қызметіне 2021/2022 жылғы маусымнан бастап кіріседі.

Бұған дейін «Рома» өзінің ресми сайтында бас бапкер Паулу Фонсеканың командадан кететіні туралы хабарлаған болатын. Маман командадан келісім-шарт аяқталған кезде, яғни осы маусымның соңында кетеді.

Естеріңізге сала кетейік, 19 сәуірде «Тоттенхэм» Жозе Моуриньоның бас бапкер қызметінен кеткенін мәлімдеген еді. Португалиялық маман лондондық клубта бір жыл ғана жұмыс істеді. «Тоттенхэмге» дейін Моуриньо «Манчестер Юнайтед», «Челси», «Реал Мадрид», «Интер», «Порту», ​​«Юниан Лейрия» және «Бенфика» клубтарын жаттықтырған.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Недавние статьи