9 cәуір күні Алматыда күрес түрлерінен Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінің шымылдығы түріледі. Алғашқа жарыс күнінде кілемге грек-рим күресінің өкілдері шығады.
Olympic.kz қазақстандық классиктердің қарсыластарын назарларыңызға ұсынады.
67 келі Мейіржан Шермаханбет - Марлен Асикеев (Қырғызстан)
87 келі Нұрсұлтан Тұрсынов - Масато Суми (Жапония)
97 келі Олжас Сырлыбай - Сейол Ли (Оңтүстік Корея)
130 келідегі Георгий Цурцумия жарысты В тобында бастайды. Ол алдымен Оңтүстік Корея өкілі Минсеок Киммен, кейін қытайлық Линчжэ Минмен кездеседі.
Турнир сағат 11.00-де басталады. Лицензия финалға шыққан балуандарға берілетінін естеріңізге саламыз.
Читайте Metaratings , чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.