Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

Жоао Пауло «Ордабасы» тарихындағы үздік сұрмерген атануға жақын

Маргулан Жакып
07/04/2021
14:14
Новость
Футбол

«Ордабасының» 32 жасар бразилиялық шабуылшысы Жоао Пауло ҚПЛ-дің 3-туры аясындағы «Ақжайыққа» қарсы ойында мергендігімен көзге түсіп, клуб тарихындағы екінші үздік сұрмерген атанды, деп жазады Kazfootball.kz.

Жоао Пауло «Ордабасы» сапындағы дебюттік матчына 2019 жылдың 9 наурызында «Шахтерға» қарсы ойында (3:0) шықты. Аталған кездесуге Жоао негізгі құрамда шығып, дубль авторы атанды. Содан бері бразилиялық форвард «Ордабасы» жейдесінде 53 ойынға қатысып, 28 мәрте қақпа торын тулатқан. 

Ал сол «Ақжайықпен» ойында жеңісті голды соққан Еркебұлан Тұңғышбаев 22 голмен алтыншы сатыға көтерілді.

«Ордабасының» Премьер-лигадағы үздік сұрмергендері (1999-2021):

1. Дәуренбек Тәжімбетов – 32 гол (133 ойын);

2. Жоао Пауло – 28 гол (53 ойын);

3. Азат Нұрғалиев – 28 гол (204 ойын);

4. Александр Крохмаль – 24 гол (67 ойын);

5. Таңат Нқсербаев – 22 гол (121 ойын);

6. Еркебұлан Тұңғышбаев – 22 гол (141 ойын);

7. Абдуллай Диакате – 22 гол (164 ойын).

Читайте Metaratings , чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.