«Жасыл алаңда емес, бетонда ойнағандай болдым». Грузиялық қорғаушы ҚПЛ-дың жағдайын еске алды

Наурызбай Сатжанов
11.06.2021
20:07
Новость
Футбол
«Жасыл алаңда емес, бетонда ойнағандай болдым». Грузиялық қорғаушы ҚПЛ-дың жағдайын еске алды

«Ертістің» бұрынғы ойыншысы, қазір венгриялық «Ференцварошта» ойнап жүрген грузин қорғаушысы Лаша Двали Meta-ratings.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан чемпионатында өнер көрсеткен жылдары туралы айтты.

– Лаша, Қазақстан жайлы сөйлессек. Сен 2017 жылы павлодарлық «Ертіс» сапында ойнадың. Бұл чемпионатта өнер көрсеткен кезең несімен есте қалды?

– «Ертісте» жалға алынған ойыншы ретінде ойнадым. Польшалық «Шленск» клубында бапкер ауысқаннан кейін негізгі құрамдағы орнымды жоғалттым, тек жаттығулармен шектеліп жүрдім. Менің қатты ойнағым келді және Қазақстанға қоныс аудару жайлы ұсыныс келгенде еш ойланбастан келістім. 

Мен ол елде өзімді жайлы сезіндім, белгілі деңгейде тәжірибе жинақтадым. Чемпионат оңай болмады, командалар жақсы деңгейде, әсіресе, «Астана», «Қайрат», «Тобыл» және әрқашан алдыңғы орындарда жүретін «Ертісті» ерекше атап өтер едім. Қазақстанның осындай тарихы бар, белгілі клубтан айрылғаны көңіл қынжылтады. Павлодар халқы футболды өте жақсы көреді, олар мұндайға лайық емес еді. Күндердің бір күнінде «Ертістің» қайта жанданып, өз жанкүйерлерін қуантатынына сенемін. Айтып өткенімдей, Қазақстан Премьер-лигасының деңгейі жаман емес, бірақ инфрақұрылым жолға қойылмаған. Атырауда өткен ойын («Судоремонтник» алаңындағы «Атырау» – «Ертіс» кездесуі) әлі есімде. Бұл тіпті алаң деуге келмейді, бетонда ойнап жатқандай болдық. Қазір елдегі жағдай бұрынғыдан жақсарған болар деп үміттенемін.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.