Жүзуден Қазақстан құрамасы Алматыда дайындық жұмыстарын жүргізуде

Ернар Ламкадыров
15.09.2021
16:52
Новость
Другие

Жүзуден Қазақстан командасы Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Дайындық аяқталған соң спортшылар бірнеше ірі турнирлерге қатысады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жаттығу жиынына қатысушылар арасында Александр Варакин, Аделаида Пчелинцева және Әділбек Мусиндер бар. 

«Жаңа маусым Алматыдағы оқу-жаттығу жиынымен басталды. Жиын екі аптаға созылады. Негізінен, қазанның басында Ақтөбеде өтетін Қазақстан чемпионатына дайындаламыз. Алдымыздағы ең басты міндет – аздаған үзілістен соң алғашқы бабымызға қайта ораду. Ел чемпионатынан соң әлем кубогі кезеңдеріне қатысамыз», - дейді Мусин.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!