Жәнібек Әлімханұлы: «Жай ғана Әлем чемпионы болғым келмейді»

Маргулан Жакып
14.10.2021
14:38
Новость
Единоборства

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0-0, 6 КО) ірі сөйлеуі, чемпион болғысы келетін және кәсіпқой бокстың заңы туралы пікін білдірді.

«Бізде де қазаққа тән ұяңдық, ұялшақтық бар. Оны көрсететін жер болады. Ал Америкада кәсіпқой бокста жүрген соң, барынша осы жақтың толқынында болуың керек. Бұл саланың өз жазылмаған заңы мен өз ережесі бар. Шапқан соң шаңғытып шапқанға, ұшқан соң биікке самғағанға не жетсін?! 

Мен жәй ғана әлем чемпионы болғым келмейді. Мен атақты әлем чемпионы болғым келеді. Сен сөйлемесең, айтпасаң, сен туралы жанкүйерлер қайдан біледі? Үндемей жүріп те тірлік жасауға болады. Бірақ маған ол жол қызық емес.

Біз ірі сөйлейміз, ірі тірлік жасаймыз. Мен кәсіпқой боксшымын. Жекпе-жекке шығатын жауынгермін. Мен адамды ұрамын, мен құлатамын. Осындай салада жүріп тым жұмсақ сөйлеу менің стилім емес. Қырамын десем де жоямын десем де ол менің жауынгерлік сөзім. Ешкімнің жеке басына қатысты ауыр сөз айтқан емеспін. Айтпаймын да. Әрине қарапайымдылық, кішіпейілдік, ол бірінші орында. Достарым, ағайын-туысым, көршілерім менің қандай екенімді өте жақсы біледі», — деп келтіреді Жәнібектің сөзін командасының инстагарамдағы парақшасы.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!