Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық айқасы және жоспары туралы айтты

Ернар Ламкадыров
25.11.2021
11:49
Новость
Единоборства

Бұрынғы әлем чемпионы Хассан Ндамды (38-6, 21 КО) жеңген орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) жанкүйерлеріне мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sports.kz.

Әлімханұлы мен Нжикамның жекпе-жегі 21 қараша күні Лас-Вегаста өтті. Қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен сегізінші раундта жеңіске жетті. Осы айқастан кейін боксшының менеджері Эгис Климас WBO-дан Ж.Әлімханұлын орта салмақтағы WBO әлем чемпионы титутылына міндетті үміткер етуін сұрады. Бұл титул қазіргі кезде америкалық Деметриус Андрадеге тиесілі.

«Құрметті жанкүйерлер! Аллаға шүкір, бір кезеңді артта қалдырдық. Биыл біз екі экс-чемпионды жеңдік. Алдымызда чемпиондық айқас. Біздің кез келген чемпионға қарсы шығуға дайын екенімізді білесіздер. Сіздер сияқты біз де жаңалық күтеміз. Әлеуметтік желілердегі белсенділікті азайтамыз. Қолдауларыңыз үшін көп рақмет», - деп жазды Instagram-да Жәнібектің командасы.

Айта кетейік, Ж.Әлімханұлы Хассан Ндам Нжикамды жеңгеннен кейін Трансұлттық бокс рейтингі кеңесінің (TBRB) тұжырымы бойынша орта салмақтағы ең үздік боксшылар тізімінде позициясын жақсартты.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!