Зарина Дияс Люксембургтегі турнирдің екінші айналымына шықты

Ернар Ламкадыров
15.09.2021
09:21
Новость
Теннис

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Люксембург WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты.

Дүниежүзілік рейтингте 105-орында тұрған Зарина бірінші айналымда әлемнің 85-ракеткасы, словакиялық Анна Шмидловамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Зарина қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Екіншісінде есеп 1:1 болғаннан кейін қарсыласы күш алып кетті – 6:1. Үшінші, шешуші сетте Зарина 4:1 есебімен алға шыққанымен, Шмидлова таразы басын теңестірді. Дегенмен есеп 5:4 болған мезетте қазақстандық спортшы төртінші матчболын пайдалана білді – 6:4.

Тартысты өткен матч 2 сағат 10 минутқа созылды. Бәсеке барысында Зарина 1 эйс жасап, 16 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкке (7 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Зарина екінші айналымда әлемнің 12-ші, осы жарыстың 1-ракеткасы, Токио Олимпиадасының чемпионы, швейцариялық Белинда Бенчичпен кортқа шығады. Токиода Б.Бенчич жартылай финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинадан айласын асырып кеткен еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!