Зарина Дияс ITF турнирінің алғашқы айналымынан сүрінбей өтті

Маргулан Жакып
14.10.2021
10:26
Новость
Теннис

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс (108) АҚШ-та өтіп жатқан Rancho Santa fe Open ITF W60 турнирінің алғашқы айналымынан сүрінбей өтті.

Дияс 53 минутқа жалғасқан кездесуде швейцариялық Леони Кунгты (172) 6:0, 6:1 есебімен сенімді түрде тізе бүктірді.

Аталған турнирдің төртінші ракеткасы болып саналатын Зарина Дияс 1/8 финалда америкалық Эльвина Калиевамен (639) күш сынасады. Доданың жалпы жүлде қоры 60 000 доллар екенін де айта кеткен жөн.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!