Юлия Путинцева Словениядағы турнирді жеңіспен бастады

Ернар Ламкадыров
15.09.2021
10:15
Новость
Теннис

Қазақстандық, әлемнің 44-ракеткасы Юлия Путинцева Порторож (Словения) WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Ю.Путннцева алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған румыниялық Жаклин Кристианмен кездесті.

Қазақстандық теннисші 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Ю.Путинцева 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланса, қарсыласы 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.

Путинцева екінші айналымда әлемнің 171-ракеткасы, ұлыбританиялық Кэти Бултермен кортқа шығады. Ол 135-сатыдағы украиналық Катарина Завацкаяны 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!