Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

Вороговскийдің командасы Бельгия чемпионатының матчында 93-минутта жеңісті жұлып әкетті

Наурызбай Сатжанов
08/04/2021
10:21
Новость
Футбол

Құрамында Қазақстан ұлттық құрамасының қоғаушысы Ян Вороговский өнер көрсететін «Беерсхот» ФК Бельгия чемпионатының 31-ші турында «Шарлеруа» командасын ұтты.

Антверпенде өткен кездесу алаң иелерінің пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Матчтағы есепті 34-ші минутта «Беерсхот» жартылай қорғаушысы Рафаэль Хольцхаузер ашты, ол 11 метрлік айып добын сәтті орындау арқылы командасын алға шығарды.

«Шарлеруа» екінші таймда, яғни 70-ші минутта есепті теңестірді, гол авторы Шамар Николсон. негізгі уақытқа қосылған қосымша үш минуттың соңғы минутында ойындағы екінші пенальтиін сәтті орындаған Хольцхаузер «Беерсхотқа» жеңіс сыйлады.

Вороговский бұл ойында қосалқы құрамда қалды. Қазақстандық ойыншы ағымдағы маусымда чемпионатта 20 матчқа қатысып бір гол соққан.

Осы ойыннан кейін «Беерсхот» 47 ұпаймен турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. «Шарлеруа» футбол клубы болса, 42 ұпаймен 11-ші орында келеді.

«Беерсхот» — «Шарлеруа» — 2:1

Голдар: Хольцхаузер 34, 93 — Николсон 70

Читайте Metaratings , чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.