Владислав Васильевтің командасы қолда тұрған ұпайдан айырылып қалды

Ернар Ламкадыров
15.09.2021
19:28
Новость
Футбол

Футболдан Өзбекстан чемпионатының 18-туры аясында «Андижан» өз алаңында «Металлургті» қабылдады.

«Андижан» - «Металлург» - 1:2

Голдар: Усмонали Исмоналиев 73 - Дамир Темиров 88, Иван Нагаев 89.

Қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильев ойынды қосалқы құрамда бастады және үзілістен кейін алаңға шықты.

«Андижан» 12 ұпаймен турнир кестесінде соңғы орында тұр. «Металлург» 19 ұпаймен оныншы орынға көтерілді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!