Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

UFC-дегі алғашқы қазақстандық әйел спортшы өзінің келесі жекпе-жегі туралы хабарлады

Қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Мария Агапова өзінің тізе жарақатынан кейін жасаған операциядан соң октагонға қашан оралатынын айтты.

«Мен екі айдан соң жаттығуға қайта оралатын боламын. Қалпыма келу өте жақсы өтуде! Кішкене шыдаңыздар, жақын арада жекпе-жек болады. Барлығыңызды жақсы көрем!» — деп жазады Агапова өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Мария Агапова Қазақстан атынан UFC-де өнер көрсеткен алғашқы ару екенін айта кетейік. Промоушнда ол екі жекпе-жек өткізді — алғашқысында америкалық Ханна Сайферстен басым түссе, екінші кездесуінде АҚШ спортшысы Шейна Добсоннан күтпеген жерден техникалық нокаутпен ұтылған болатын.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Поделиться:

Рейтинг: 0