Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

УЕФА Чемпиондар Лигасының «Сегіздік финалы» өтетін орын ауысты

Наурызбай Сатжанов
08/04/2021
11:10
Новость
Футбол
УЕФА Чемпиондар Лигасының «Сегіздік финалы» өтетін орын ауысты

УЕФА футзалдан Чемпиондар лигасының «Сегіздік финалы» өтетін орынды ауыстыруға шешім қабылдады.

Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайты хабарлады. Алайда Чемпиондар лигасының шешуші кезеңі Хорватиядан ауыстырылмайды, турнир аталған елдің басқа қаласы  Задарда өтеді.

Коронавирус пандемиясының Еуропадағы жаңа толқынына байланысты «Загреб Арена» шұғыл түрде ауруханаға айналды. Хорватияны футзал мерекесін айырмау үшін УЕФА жарысты Задарға ауыстырды.

«Кайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының ширек финалында «Бенфикамен» кездеседі. «Сегіздік финал» кездесулерін «Қайрат» пен «Бенфика» бастайды. Бұл матч 28 сәуірге жоспарланған.

Айта кетейік, бұған дейін УЕФА Атқарушы комитеті «Сегіздік финалды» Минскіден Загребке ауыстырған.

Читайте Metaratings , чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.