УЕФА «Қайрат» пен «Карабахты» не байланыстыратынын айтты

Маргулан Жакып
14.10.2021
20:03
Новость
Футбол

УЕФА ресми сайты әзербайжандық «Карабах» пен алматылық «Қайрат» арасындағы Конференция лигасы топтық кезеңінің 3-турының матчы қарсаңында командалар арасындағы байланысты атады.

«Марко Вешович («Карабах«) пен Небойша Косович («Қайрат») – Черногория құрамасындағы серіктестер.

Хорватиялықтар Филип Озобич («Карабах») және Дино Миканович («Қайрат») 2013 жылы сплиттік «Хайдук» сапында бірге ойнаған

«Карабах« қақпашысы Эмиль Балаев 2019 жылы қостанайлық «Тобыл» намысын қорғаған кезде «Қайратқа» қарсы төрт рет ойнаған. Екі кездесуде гол өткізбей, ал тағы екеуінде »Қайраттың» қазіргі ойыншылары Еркебұлан Сейдахмет пен Артур Шушеначевтен гол жіберген.

«Карабах» жартылай қорғаушысы Ричард Алмейда 2018 жылы «Астана» сапында Қазақстан чемпионы атанды. «Қайратқа» қарсы өткізген жалғыз матчында 3:2 есебімен жеңіске жеткен», — делінген УЕФА-ның сайтында.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!