Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

ЦСКА Зайнутдиновсыз Ресей Кубогының жартылай финалына шықты

Наурызбай Сатжанов
09/04/2021
11:00
Новость
Футбол

Құрамында Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын мәскеулік ЦСКА футболдан Ресей Кубогының жартылай финалына жолдама алды.

1/4 финалда Оличтің командасы тульскілік «Арсеналды» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Алаң иелері бірінші боп есеп ашты. Матчтың 33-ші минутында Евгений Луценко көзге түсті. Артынша аталған ойыншы 55-ші минутта қызыл қағаз алып, командасын қиын жағдайда қалдырды.

ЦСКА футболшылары жіберген голға 48-ші және 86-шы минуттарда жауап қатты. Гол салған ойыншылар Вадим Карпов пен Марио Фернандес.

Бахтиер Зайнутдинов бұл матчқа жарақатынан емделіп жатқанына байланысты қатыса алмады. 

Читайте Metaratings , чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.