Токио Олимпиадасында бақ сынаған спортшы өз үйінде өлі күйінде табылды

Маргулан Жакып
14.10.2021
11:10
Новость
Другие

Жеңіл атлетикадан Кения құрамасының өкілі Агнес Джебет Тироп Интендегі (Кения) үйінде өлі күйінде табылды. Спортшының денесінен пышақ іздері табылған, деп жазады Vesti.kz Кения жеңіл атлетика Федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 жастағы атлет 2017, 2019 жылдары 10 000 метр қашықтықта әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленген. Күншығыс еліндегі Жазғы ойындарда ол 5000 метрде төртінші орын алған еді.

Әзірге күдікке ілінгендердің арасында спортшының күйеуі бар.

Еске сала кетейік, Кения құрамасы Токио төрінде жалпы есепте 19-орынға табан тіреді. Африкалық ұжым 4 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль еншіледі. Жүлделердің барлығы жеңіл атлетика спортынан алынды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!