«Тобыл» Конференция лигасында «Хайдуктан» жауапсыз екі гол өткізіп, есе жіберді

Маргулан Жакып
23.07.2021
02:54
Новость
Футбол

УЕФА Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы ойында қостанайлық «Тобыл» хорфатиялық «Хайдуктан» жауапсыз екі гол жіберіп, жеңіліс тапты.

«Хайдуктың» 19 жасар жас шабуылшысы Марин Любичич қос гол соғып, хорватиялық ұжымға өз алаңындағы маңызды жеңісті сыйлады. Ал қостанайлықтар гол соқпақ түгілі қарсылас қақпасына бір ғана соққы бағыттады. 

Ал қос клуб арасындағы қарымта кездесу 29 шілде күні Қостанай қаласында өтеді.

Конференция лигасы. Екінші іріктеу кезеңі. Бірінші матч

«Хайдук» (Сплит, Хорватия) – «Тобыл» (Қостанай, Қазақстан) 2:0 (1:0)

Голдар: Любичич (21, 53)

«Хайдук»: Калинич (Қ), Ловренчич, Симич, Элез, Чолина, Вукович, Сахити (Диамантакос, 75), Ливая (Чуич, 90+2), Кровинович (Атанасов, 75), Млакар (Долчек, 90+2), Любичич (Жайро, 63)

«Тобыл»: Мокин (Қ), Валиуллин, Аманович, Марочкин, Малый, Қайыров, Тағыберген (Мужиков, 82), Жарынбетов (Йованчич, 57), Нұрғалиев (Тошич, 57), Силва (Бриджидо, 75), Николич (Сергеев, 57)

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.