Тимофей Скатов мансабында екінші рет «Челленджердің» жартылай финалына өтті

Наурызбай Сатжанов
11.06.2021
16:49
Новость
Теннис

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов «Beeline Open Challenger 80 Almaty» турнирінің ширек финалында француз теннисшісі Эван Фернессті жеңді.

Ойын өте тартысты әрі ұзақ болды, ойын тізгінін екі спортшы кезек-кезек қолға алып, басымдық толық бір жақта болмады. Алғашқы сетте жеңіліс тапқан Тимофей екінші сетте тай-брейкте матчболды пайдасына шешіп кездесуді шешуші сетке жеткізді және екі брейк-пойнтты жүзеге асыру арқылы 4:6, 7:6 (10:8), 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Тимофей Скатов (Қазақстан) — Эван Фернесс (Франция) — (2:1 4:6, 7:6 (10:8), 6:4)

3 сағат 6 минутқа созылған ойында Скатов 14 брейк-пойнттың төртеуін жүзеге асырды және допты ойынға қосу кезінде үш рет қос қателік жіберді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.