Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

Тимофей Скатов Forte Challenger 100 жарысынан шығып қалды

Наурызбай Сатжанов
23/02/2021
19:29
Новость
Теннис
Тимофей Скатов Forte Challenger 100 жарысынан шығып қалды

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Forte Challenger 100 турниріндегі жарыс жолын аяқтады. Бірінші айналымда 20 жастағы жерлесіміз үш сағаттық драмаға толы ойында турнирдің жетінші ракеткасы словакиялық Мартин Клижанға жол берді – 4:6, 6:4, 6:7. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі хабарлады.

Словак теннисшісі алғашқы сеттен тізгінді қолына алды. Дегенмен, қазақстандық спортшы келесі партияда қайсарлық танытып, оңайлықпен жеңіле қоймайтындығын байқатты: екінші сеттің бірінші геймінде Клижан допты ойынға қосқан қарсыласының соққысына жауап беріп, алға шықты. Алайда сегізінші геймде Скатов брейк-пойнтты іске асырып, таразы басын теңестірді. Ойын өрнегін уысынан шығарып алған словак теннисшісі келесі сеттерде қателікке бой алдыра бастаған еді. Тимофей оны өз пайдасына сәтті қолдана білді. Партия жерлесіміздің пайдасына шешілді – 6:4. 

Кездесудің үшінші бөлігінің басында Скатов допты ойынға қосуда ұпай жоғалтты. Бірақ алтыншы геймде жинақылық танытып, ребрейк жасады. Осыдан кейін екі ойыншының да жеңіске ұмтылысы күшейе түсті. Бір геймнен кейін екінші геймді алма кезек ұтқан спортшылардың ойыны тай-брейкпен аяқталды. Допты ойынға қосуы сәтті шыққан Клижан алға шықты. Ал есеп 4:3 есебімен жерлесіміздің пайдасына шешіліп тұрған кезде Скатовтың допты ойынға қосуы көңілден шықпады. Ал брейк орындаған Мартиннің қимылы жандана түсті. Ойын аяғында сауатты қимылдап 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Ойын үш сағат 16 минутқа созылды, қазақстандық теннисші жеті эйс орындады, доп беруде бір қателік жіберіп, 19 брейк-пойнттың бесеуін іске асырды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Поделиться:

Рейтинг: 0