Тигран Барсегян – Премьер-лиганың ең қымбат ойыншысы

Наурызбай Сатжанов
11.06.2021
19:49
Новость
Футбол
Тигран Барсегян – Премьер-лиганың ең қымбат ойыншысы

«Transfermarkt» порталы Қазақстан Премьер-лигасында ойнайтын футболшылардың жаңартылған трансферлік бағаларын жариялады, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Жаңартылған рейтинг бойынша  ҚПЛ-дың ең қымбат ойыншылардың ондығын «Астананың» армениялық жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян бастап тұр. Екінші орында «Қайраттың» польшалық легионері Яцек Гуральский тұр. Үздік үштікті «Қайраттың» ойыншысы Дино Миканович түйіндеп тұр.

Төртінші және бесінші орындарды да алматылық клубтың екі қорғаушысы – Раде Дугалич пен Нұралы Әліп бөлісіп тұр, аталған ойыншыларды неміс басылымы 1,7 миллион еуроға бағалап отыр.

Ең қызығы, Премьер-лиганың ең қымбат он ойыншысының қатарында «Астананың» көшбасшысы Марин Томасовтың болмауы және оның бұрынғы трансферлік бағасынан 200 мың еуроға арзандап (қазіргі трансферлік құны 1,0 миллион еуро) бұл тізімде небары 20-шы қатарда тұруы.

Жаңартылған рейтинг бойынша ҚПЛ-дың ең қымбат 10 ойыншысы:

1. Тигран Барсегян («Астана») – 2,5 млн еуро;

2. Яцек Гуральский («Қайрат») – 2,3 млн еуро;

3. Дино Миканович («Қайрат») – 2,0 млн еуро;

4-5. Раде Дугалич («Қайрат») – 1,7 млн еуро;

4-5. Нұралы Әліп («Қайрат») – 1,7 млн еуро;

6. Игорь Сергеев («Ақтөбе») – 1,5 млн еуро;

7. Абзал Бейсебеков («Астана») – 1,4 млн еуро;

8. Небойша Косович («Қайрат») – 1,3 млн еуро;

9-10. Темирлан Ерланов («Ордабасы») – 1,2 млн еуро;

9-10. Стас Покатилов («Қайрат») – 1,2 млн еуро.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.