Темірлан Ерланов: «Мақсаттарға жету үшін барлық жақсы қасиеттерімді көрсетуге тырысамын»

Наурызбай Сатжанов
14.07.2021
21:06
Новость
Футбол

«Ақтөбе» футбол клубының жаңа ойыншысы Темірлан Ерланов ақтөбелік клубтың баспасөз қызметіне шағын сұхбат берді.

- Мен «Ақтөбенің» жейдесiн кигеніме өте қуаныштымын. Барлық мақсаттарға жетуге және жанкүйерлерді қуантуға көмектесу үшін барлық жақсы қасиеттерімді көрсетуге тырысамын .

Шыны керек, жаңа клубқа ауысар алдында маған ел біріншілігінің бірнеше клубтарынан ұсыныстар түскен болатын. Дегенмен мен ойланбастан «ақ-қызылдар» сапына ауысуды жөн көрдім. Себебі кез-келген қазақ футболшысы жанкүйерлері көп «Ақтөбе» командасында ойнауды армандайды деп ойлаймын.

Алдымызда әлі де ел чемпионаты мен Қазақстан Кубогы бар. Осы мүмкіндіктерді сәтті пайдалана алатынымызға сенімім мол.

Алға Ақтөбе!

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!