«Талантты, бірақ салғырт жігіт». «Екібастұз» әскери комиссариаттан қашқан футболшы жайлы ресми мәлімдеме жасады

Маргулан Жакып
05/05/2021
11:08
Новость
Футбол

«Екібастұз» футбол клубы әскери комиссариаттың үшінші қабатынан секіріп, әскери борышын өтеуден қашқан Рустем Назымбеков жайлы ресми мәлімдеме жасады.

«Екібастұз» ресми инстаграм парақшасында: «Рустем Назымбеков қазіргі уақытта командамыздың құрамында емес деп ресми жариялаймыз. Жартылай қорғаушының расында да клубпен келісімшарты болған, бірақ ол 2019 жылғы маусымда. Сол кезден бастап Рустем «Екібастұз» сапында доп теппейді», – десе.

Ал клуб директоры Ғалымбек Байкен: «Бірнеше мәрте жаттығу жиындарына шақырғанбыз. Уәде беріп, бірақ сол күйі келмеді. Бізде 2019 жылы ойнады. Талантты, дегенмен салғырт жігіт», – деді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Недавние статьи