Талғат Байсуфинов Руслан Валиуллиннің жағдайына қатысты пікір білдірді

Ернар Ламкадыров
15.09.2021
18:30
Новость
Футбол

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Vesti.kz сайтына берген сұхбатында қорғаушы Руслан Валиуллиннің допинг дауына қатысты пікір білдірді:

- Мен Русланмен туған күнінде сөйлестім. Қазір мен сізден артық нәрсе білмеймін, өйткені барлық ақпараттар жарияланып қойды. Біз енді қосымша нәтижелерді күтеміз. Бұл іспен ойыншының өкілдері, адвокаттары айналысады.

Жақын күндері мен Русланға хабарласып, жағдайдың қалай өрбіп жатқанын білемін. Біз ойыншыны қолдаймыз, одан үміт күтеміз. Мүмкін бәрі Русланның пайдасына шешілетін шығар және қазан айында ол бізге қосылуы мүмкін. Бірақ Руслан өзінің кінәсін мойындап: «Иә, мен қабылдадым, бірақ тыйым салынған заттың бар екенін білмедім» деп айтты.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!