Тұрсынбай Құлахмет келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады

Ернар Ламкадыров
23.09.2021
16:54
Новость
Единоборства

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (4-0, 3 КО) келесі жекпе-жекке арналған жаттығуын бастады, деп хабарлайды Sports.kz.

Тұрсынбай жаттығуды Манчестерде (Англия) өткізуде. Спортшы өзінің инстаграм парақшасында дайындық кезіндегі спарринг серіктестерінің бірімен түскен суретін жариялады. «Біз келесі жекпе-жекке дайындықты бастадық. Бүгін спарринг күні», - деп жазды ол. Құлахметтің рингке қай күні шығатыны және қарсыласының есімі кейінірек хабарланады.

Тұрсынбай Құлахмет алдыңғы жекпе-жегін 10 шілдеде Алматыда өткізген еді. Ол кезде Тұрсынбай оныншы раундта ресейлік Алексей Евченконы (19-15-2, 8 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!