«Төрешіде есем кетті». Хорлан Жақанша Ослодағы әлем чемпионатына баға берді

Ернар Ламкадыров
13.10.2021
18:43
Новость
Единоборства

Күрес түрлерінен Ослода (Норвегия) өткен әлем чемпионатында грек-рим күресінен әлемнің вице-чемпионы Хорлан Жақанша да сынға түсті. 55 келіде бақ сынаған балуанымыз бұл жолы жүлдесіз қалды. Olympic.kz сайтына сұхбат берген Хорлан әлемдік доданы қорытындылап, төрешілерден қандай қысым көргенін айтты. 

"Әлем чемпионатының ұйымдастырылуында мін жоқ. Көптен бері жарыс атмосферасын сезбеген едік. Спортшыларға қолдаудың, рухтың аса қажет екені тап осы пандемия кезінде сезілді. Жарысқа қатысып, залдағы жанкүйер қиқуынан ерекше әсер алдық. Ал нәтижеге келер болсам... Әрине, дайындығым жақсы болған соң, медаль аламын деп бардым. Бірақ күрес кезінде не жетпей қалғанын білмеймін. Бір анығы - төрешілер аяқтан шалды. Бұл рас. Әлемдік федерациядағы төрешілер алқасында еш өкіліміз жоқ. Қаншама ұпайымыз саналмай қалды. Мәселен, ресейлік балуан Сефершаевпен белдескенде төрттағанға түстім. Әдетте, төрттағанға 20-25 секундтай уақыт береді. Бұл әдіс жасау үшін жеткілікті. Алайда, мен төрттағанда 58 секунд жаттым. Бақандай бір минут. Төреші төрттағанды тоқтататын шығар деп қарай бергенімді қарсыласым пайдаланып, ұпай алып кетті. Белдесудің тағдырын да сол екі ұпай шешті.  Жұбаныш белдесуіне де ерекше екпінмен шықтым. Нугзари Црцумияда екі жыл бұрын кеткен есемді қайтармақ едім. Белдесу кезінде тағы да төрешілер араласты. Төрт ұпайымды кілемдегі төреші есепке алмай қойды. Біздің балуандар белсенді болса да, төрттағанға жатқыза берді. Мұндайға не істей аласың? Есеміз кетті. Ендігі мақсат - мұнымен тоқтап қалмай, алға ұмтылу.  Бәріміздің абыройымызды жапқан Алмат Кебіспаев үшін қатты қуаныштымын. Он бір жыл бойы құраманы жалғыз өзі сүйреп, бес әлем чемпионатынан медаль алды. Бұл екінің бірі жасай алмайтын ерлік. Алмат құрамадағы жасы үлкен балуан болса да, әлі бабында екенін көрсетті. Алдағы уақытта Алмат құрамаға бас бапкер болып келсе деген тілегім бар. Себебі, біздің командаға жаңа леп, жас мамандар керек", - дейді Хорлан.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!