«Тұран» Қырғызстан чемпионатының үздік ойыншысын қатарға қосты

Наурызбай Сатжанов
24.07.2021
11:45
Новость
Трансферы

Қырғызстан ұлттық құрамасының ойыншысы Фархат Мұсабеков түркістандық «Тұранның» ойыншысы атанды. Бұл жайында клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

27 жастағы жаңа ойыншы жартылай қорғаушы ретінде ойнайды.

Ол еңбек жолын «Абдыш-Атада» бастады, содан кейін, Молдовияның «Кишинев академиясына» ауысты. Ресейлік «Тавриядан» өзбекстандық «Алмалыққа» жалға алынды.

2017/18 маусымынан бастап Бішкектің «Дордой» сапында ойнады. Қырғызстан астанасындағы команда құрамында ол көшбасшыға айналды. Аталған командада 8 трофейге қол жеткізді.

Атап айтқанда:

жоғарғы дивизионда үш рет чемпиондық, үш рет Суперкубок иегері және екі рет ел кубогын жеңімпазы. Сонымен қатар, Фархат екі рет жеке марапатқа ие болған.

2015 жылы «Абдыш-Ата» командасында ойнап, ол жоғарғы лиганың ең үздік ойыншысы атанды.

2019 жылы ол тағы да осы сыйлықты «Дордойда» алды.

Мұсабеков Қырғызстан ұлттық құрамасында 40 матч өткізіп, құраманың негізгі ойыншысы болды.

Енді Мұсабеков Түркістанның «Тұран» командасында 29-шы нөмірдегі жейдеде өнер көрсетеді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!