«Тұран» Премьер-лигадағы тарихи жеңісіне қол жеткізді

Наурызбай Сатжанов
03/05/2021
20:54
Новость
Футбол
«Тұран» Премьер-лигадағы тарихи жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы туры аясында түркістандық «Тұран» сырт алаңда шымкенттік «Ордабасыны» – 1:0 есебімен ұтып кетті.

Осылайша, «Тұран» Премьер-лигадағы алғашқы тарихи жеңістеріне қол жеткізді. Түркістандық ұжым бұған дейін үш рет тең ойнап, қалған кездесулерді жеңіліспен аяқтаған. Қазіргі таңда 6 ұпаймен турнир кестесінің 12-қатарында тұр.

Ал шымкенттік команда алдыңғы турдағы «Қайраттан» алған соққысынан кейін естерін жия алмаған сыңайлы. Олар әзірге 13 ұпаймен алтыншы орында келеді.

ҚПЛ. 9-тур. 

«Ордабасы» – «Тұран» – 0:1

Гол: Темірлан Әміров 30

Ескерту қағаздары: Александр Симчевич 29 – Олжас Керімжанов 17, Бекзат Бейсенов 21, Алияр Мұхаммед 59

Қызыл қағаз: Бағдат Қайыров 79

«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (Қ) – Александр Симчевич, Пабло Фонтанелло (К), Александр Клещенко (Бағдат Қайыров 73), Темірлан Ерланов – Дамир Даутов (Сағадат Тұрсынбай 83), Мирзад Механович, Тимур Досмағамбетов, Еркебұлан Тұңғышбаев – Рубен Бриджидо, Сергей Хижниченко (Эльхан Астанов 54).

Бас бапкер – Александр Седнев.

«Тұран»: Андрей Пасеченко (Қ) – Стефан Живкович, Лайонел Адамс, Олжас Керімжанов, Қасым Тайыпов – Бекзат Бейсенов, Шынболат Максымхан (К) (Алияр Мұхаммед 46), Бранислав Янкович (Нұрғайни Бөрібаев 76) – Темірлан Әміров, Таңат Нөсербаев, Стэнли Нкоби (Павел Деобальд 73).

Бас бапкер – Әбдіхалық Бөрібаев. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.