
31 жасар қорғаушы Олжас Керімжанов Қазақста Премьер-лигасына биыл қосылған «Тұран» футбол клубымен еңбек келісімшартына қол қойды, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Керімжановтың соңғы ойнаған клубы «Жетысу», ол аталған ұжымда 2017-2020 жылдар аралығында ойнаған. Талдықорғандықтар сапында барлығы 77 ойын өткізіп 7 гол соққан.
Сонымен қатар Олжас «Ақ Бұлақ», «Оқжетпес», «Шахтер-Болат», «Қыран» және «Қайсар» командаларының намысын қорғаған.
Керімжанов соңғы жылдары Қазақстан Ұлттық құрамасына жиі шақырту алып жүр. Әзірге футболшы құрама жейдесін 5 ойында киген.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.