Түркістандық «Тұран» футбол клубы ивуарлық қорғаушы Седрик Гогуамен толықты, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.
Седрик Гогуа мансабында «Африка Спорт» (Кот-д’Ивуар), СИК (Финляндия), «Партизан» (Сербия), «Даугавпилс», «Рига» (Литва), «СКА-Хабаровск», «Тамбов», ЦСКА, «Ротор» (Ресей) және алматылық «Қайрат» секілді командаларда ойнаған. Сонымен қатар Кот-д’Ивуардың жасөспірімдер және жастар құрамаларында доп тепкен.
27 жастағы ойыншы клубтық мансабында 109 ойын өткізіп, жеті гол соғып, екі нәтижелі пас берген.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.