Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

Стойлов: «Зайнутдинов АПЛ-да ойнай алатын футболшы»

Наурызбай Сатжанов
23/02/2021
14:14
Новость
Футбол
Стойлов: «Зайнутдинов АПЛ-да ойнай алатын футболшы»

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ағылшын футбол стиліндегі ойыншы және ол болашақта АПЛ-да ойнап кете алады. Қазақстан құрамасы мен «Астана» ФК-ның бұрынғы бас бапкері Станимир Стойлов Sports True YouTube-арнасына берген сұхбатында осындай пікірде екенін білдірді.

Зайнутдиновтың ЦСКА-мен РПЛ-дағы чемпиондыққа таласы 

Шынымды айтсам мен осылай болады деп күттім. Біз Бахтиерды «Тараздан» в «Астанаға» алдырдық. Онан соң 18 жасында мен оны негізгі құрамға қойдым.Алғашқы ойыннан-ақ Сейдахмет екеуі негізгі құрамда ойнады. Футболда жақсы нәрсе бар - мінез деген. Оның бойынан осы мінезді бірден байқалды, Бахтиерда жеңіске, күресуге, бірнәрсені бұрынғыдан жақсырақ жасауға талпыну болды. Қарасам, оған физикалық шыдамдылық жетіспейді екен, сол үшін біз ол жағынан «Астанада» оны жайлап қолға алдық. Соның арқасында «Ростовта» ойыншының жылдамдығы мен төзімділігі өз орнында болды.

Менің ойымша, оған әлі де даму керек және оны шабуылға жақын ойнату керек. Ол көптеген позицияларда ойнай алады. Оны мен ең алғаш ОЖЖ жиындары кезінде мәскеулік «Спартакқа» қарсы сол қапталдағы қорғаушы ретінде алаңға шығардым. Бірінші таймда ол ойнаған кезде есеп «Астананың» пайдасына 2:0 болды.

Оның орны - ортада, шабуылдың сол қапталы мен шабуылшының артқы жағында - ол барлық жерде, тіпті оң қапталда да ойнай алады. Ал бұл өте маңызды. Бапкерлер мұндай әмбебап ойыншыларды өте жоғары бағалайды. ЦСКА-да өз орнын шегелеп, жақсылап бекіту керек, ол әзірге нақты орнын таппады деп ойлаймын. Алға өрлеу қиын, ал құлдырау - тез болады. 

- ЦСКА-да орнын тапса, оның ең жоғарғы шыңы қай жер?

- Менің ойымша Англия.

- АПЛ?

- Иә. Ла Лигада ойнау қиын. Оның ойын стилі  - ағылшын, неміс стилі. Испанияда комбинациялық футбол. Ал Англияда жылдамдыққа, қозғалысқа, стандарттарға негізделген ойын. Ол, меніңше, осы деңгейде жақсы ойнайды.     

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Поделиться:

Рейтинг: 0