Үстел теннисінен әлем чемпионаты: Қазақстандық спортшы Олимпиада чемпионына есе жіберді

Ернар Ламкадыров
25.11.2021
12:34
Новость
Теннис

Хьюстонда (АҚШ) үстел теннисінен жеке әлем чемпионаты өтуде. Қазақстандық Зәуреш Ақашева әлем біріншілігін сәтсіз аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

1/32 финалда Ақашеваға Олимпиада чемпионы Ито Мима (Жапония) қарсы тұрды. Матч қиын әрі шиеленісті өтті, Ито өзіндік стильде ойнап, спортшымызға мүмкіндік бермеді. Дегенмен Зәуреш екінші және төртінші партияларда тиісінше 9 және 11 ұпай жинап, жапон спортшысына лайықты қарсылық көрсетті. Алайда, жеңіске жете алмады. Матч Ито Мима пайдасына 4:0 есебімен аяқталды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!