Үстел теннисінен қазақстандықтардың Олимпиададағы қарсыластары анықталды

Наурызбай Сатжанов
22.07.2021
09:13
Новость
Теннис

Олимпиада ойындары аясында үстел теннисі бойынша жеребе тартылды, деп хабарлайды ұлттықолимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Ерлер арасында жеке сайыс бойынша 65, ал әйелдер арасында 70 спортшы бақ сынайды. 

Сенбі, 24 шілде күні қазақстандық Анастасия Лаврованың алғашқы қарсыласы ITTF рейтингінде 72-ші орында тұрған испаниялық Мария Сяо болады.

Ал Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко жарысқа екінші кезеңнен қосылады. Ол 25 шілдеде Любомир Янчаржик (Чехия)/Али Альхадрави (Сауд Арабиясы) жұбының жеңімпазымен кездеседі. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.