«Сметовтің тобы оңай емес». Дзюдодан құрама бапкері турнир кестесіне баға берді

Наурызбай Сатжанов
22.07.2021
18:08
Новость
Единоборства

Бүгін дзюдодан Токио Олимпиадасының жеребесі тартылды. Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев турнир кестесіне шолу жасап, спортшылардың дайындығына тоқталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

«Токио татамиінде Қазақстан атынан Елдос Сметов, Ерлан Серікжанов, Жансай Смағұлов, Дидар Хамза, Ислам Бозбаев және Отгонцэцэг Галбадрах сынға түседі. Кейбір салмақтарда жеребе ауыр түскенін мойындау керек. Дегенмен, бұл Олимпиада ойындары, сондықтан, осал қарсылас болмайды. Ойынға әлемнің ең мықты спортшылары келді, бәрі де тарихта қалып, жүлде алуды мақсат еткен. 

Сметовтің тобы оңай емес. Жапония, Грузия балуандар бар, жеңіл болады деп айта алмаймын. Әр салмақта өте мықты спортшылар кездеседі. Біз бәріне қарсы дайындалдық, олармен талай белдескенбіз де.

Әлем чемпионы болсаң да, Олимпиада чемпионы болсаң да, жеңіске ең мықты спортшы жетеді. Кейбіреулер үшін бұл өз мансабындағы соңғы Олимпиада болуы мүмкін. Өйткені, спорт мәңгілік емес. Сондықтан, біздің олимпиадалық командамыздағы әр спортшы жақсы өнер көрсетсе екен деген тілегім бар», – дейді құрама бапкері. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.