«Шахтер» ресейлік қорғаушыны қатарына қосты

Наурызбай Сатжанов
18.07.2021
17:11
Новость
Трансферы

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы ресейлік қорғаушы Владимиром Хозинмен еңбек келісімшартын жасасты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Владимир Хозин — «Ростов» футбол клубының түлегі, аталған команданың құрамында Ресей Премьер-Лигасындағы алғашқы қадамдарын жасаған. 

Хозин сонымен қатар «Крылья Советов» (Самара), «Москва» (Мәскеу), «Алания» (Владикавказ), «Урал» (Екатеринбург), «Торпедо» (Мәскеу), «Арарат Армения» (Ереван), «Нижний Новгород» (Нижний Новгород) және «Чайка» (Ростов облысы) сияқты командаларда өнер көрсеткен.

32 жастағы футболшы орталық қорғаушы позициясында ойнайды, одан бөлек қорғаныстың қос қапталында да өнер көрсете алады. Transfermarkt порталы ойыншының трансферлік құнын 300 мың еуроға бағалап отыр. 

Владимир мансабында 241 матч өткізген, өзі қатысқан осы ойындарда 38 гол соғып, әріптестерін 15 рет нәтижелі паспен қамтамасыз еткен. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!